×

Полицей суға батқан 2 баланы құтқарып қалды

Жасөспірімдер Ертіс өзенінің жағасында серуендеп жүріп, суға құлап түскен

 Динара Амантай 09.10.2022 | 09:09
Фото: polisia.kz

Павлодарлық полиция қызметкері суға батқан балаларды құтқарды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында 5 қазан күні сағат 16.00 шамасында 12 жасар Аспандияр мен 11 жасар Қуаныш мектептен кейін Ертіс өзенінің жағасында серуендеп жүрген. Сол сәтте Қуаныш жарға тым жақын келіп, суға құлап түскен. Оның жүзе алмайтынын білген Аспандияр досын құтқару үшін суға түскен.

Суға батқан қос баланы полиция қызметкері Азамат Саянов құтқарып қалды.

Менің мақсатым суға батып бара жатқан балаларды құтқару болды. Маған бұл қиын болған жоқ, себебі бала кезімнен жүзумен айналысамын. Әрбір азамат осылай жасайтын еді деп ойлаймын, - деді полицей.

Айта кетсек, полиция аға сержанты ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама