Ақтаулық азамат Гибралтар бұғазын су киімінсіз жүзіп өтті

Еркеғали Болатұлы

Ендігі мақсаты – мұхитты бағындыру

фото: Lada.kz

Қазақстан азаматы Құрал Жоламан Гибралтар бұғазын гидрокостюмсіз жүзіп өткен.

Жүзуден кезекті жарысқа қатысқан Құралдың бір ерекшелігі, ол – 740 спортшының арасынан 16,7 шақырымды су киімінсіз еңсерген алғашқы жүзгіш. Ендігі мақсаты – мұхитты бағындыру.

Айта кетсек, Құрал Жоламан – Ақтау қаласының тұрғыны. Бұған дейін ол Ыстамбұлда құрлықаралық сайысқа қатысып, Босфор бұғазында 6,5 шақырымды жүзіп өткен.