Мексикада қала мэрі мен тағы 17 адам оққа ұшты
Қаза тапқандардың арасында қала басшысының әкесі де бар
Мексиканың Герреро штатында қарулы адамдар Сан-Мигель Тотолапан қаласының әкімдігіне шабуыл жасады.
«АР» басылымының хабарлауынша, шабуылдан қала мэрі Конрадо Мендоса Альмейда мен тағы 17 адам оққа ұшты. Екі адам зардап шекті.
Герреро штатының прокуроры Сандра Луз Вальдовинос қаза тапқандардың бірі мэрдің әкесі, қаланың бұрынғы мэрі екенін айтты. Ол өз үйінде өлтірілген.
Бұл қырғынға жергілікті «Лос Текилерос» бандасының қатысы бар екендігі айтылуда.