Азат етілген жерлерде мәйіттер іздестірілуде
Украинадағы соғыста ресейліктердің қолынан 418 бала қаза тауып, 786 бала жарақат алды.
Бұл туралы Украина прокурорының кеңсесі хабарлады.
Зардап шеккен балалардың ең көбісі Донецк облысында – 404 бала. Әрі қарай соғыстың кесірінен мына облыстарда балалар көз жұмды. Харьковте – 251, Киевте – 116, Николаевта – 75, Чернигов те– 68, Луганскде – 64, Херсонда – 57, Запорожьеде – 50, Днепропетровта – 30.
Бұл цифрлар әлі нақтыланып жатыр. Өйткені, оккупацияланған аудандарда қаза тапқандардың санын анықтау мүмкін емес. Ал азат етілген жерлерде украиндар қаза тапқандардың мәйіттерін іздеуге енді кірісті.