Halyq Uni логотип
×

Ресей эмигранттардан елге оралуды талап етті

Егер олай болмаған жағдайда азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады

 Дастан Жұмабекұлы 07.10.2022 | 15:56
Ресей эмигранттардан елге оралуды талап етті
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Ресей эмигранттарға әскери есептен шығу үшін елге оралуды талап етті.

Бұл туралы Объясняем.рф сайты хабарлады.

Хабарламада Ресейден біржолата көшіп кеткен эмигранттарға әскери комиссариатқа келіп, әскери есептен шығу талап етілген.

«Ресейден шетелге көшіп кеткен азаматтар өз еркімен әскери комиссариатқа келіп, жазбаша түрде тұрғылықты жерлерін көрсетіп, әскери есептен шығу керек. Егер олай болмаған жағдайда азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады», –  делінген материалда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама