Күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр
Шымкентте дәмханаға келген тұтынушыға оқ атылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 04:30 шамасында Әл-Фараби аудандық ПБ-сына қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз азаматтардың қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде, – делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ВАЗ-21014 автокөлігін анықтап, оның салонынан екі қару тапты.
Қазір күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.