×

Шымкентте белгісіз біреулер кафе маңында ер адамды атып кетті

Күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 07.10.2022 | 15:26
Коллаж: Halyq Uni

Шымкентте дәмханаға келген тұтынушыға оқ атылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 04:30 шамасында Әл-Фараби аудандық ПБ-сына қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз азаматтардың қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде, – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ВАЗ-21014 автокөлігін анықтап, оның салонынан екі қару тапты.

Қазір күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама