Halyq Uni логотип
×

Алтай қаласында автобустан түскен мектеп оқушысын көлік басып кетті

11 жастағы оқушы оқиға орнында көз жұмды

 Қымбат Елтайқызы 20.02.2022 | 18:49
Алтай қаласында автобустан түскен мектеп оқушысын көлік басып кетті
фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында мектеп оқушысын көлік басып кетті. 11 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қайғылы оқиға 19 ақпанда түскі сағат 12:45-те болған. Аялдамадан түскен мектеп оқушысы автобусты артынан айналып, жолдан өтіп кетпекші болған. Сол кезде оны Рабочая көшесімен Рудный көшесіне қарай келе жатқан Audi 100 маркалы көліктің жүргізушісі қағып кеткен. Мектеп оқушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Көлік жүргізушісі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама