×

Республикалық сенбілікте қоқыстан тазартылатын орындардың тізімі жасалды

Іс-шара «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» акциясы шеңберінде жүзеге асады

 Динара Амантай 07.10.2022 | 13:35
Фото: gov.kz

«Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» акциясы шеңберінде қоқыстан тазартуды қажет ететін орындар анықталды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство қызметкерлері еріктілерге арналған жалпыұлттық экологиялық акция аясында ең ластанған табиғи орындарды анықтады. Тізімге азаматтардың көбіне баратын табиғи демалыс орындары, саябақтар мен алаңдар, өзендер мен көлдердің айналасы кірді.

2022 жылғы 5 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» атты акциясының басталуы туралы жариялаған болатын.

Акция табиғатқа тиімсіз, тұтынушылық көзқарасқа қарсы шыққандардың күш-жігерін біріктіруге бағытталды. Акцияның бірінші кезеңі ертең, 8 қазанда республиканың барлық өңірлерінде басталады.

Бұл күні экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, эковолонтерлер мен қоғамдық ұйымдар қатысады.

Сенбілікке қатысқысы келетін азаматтар іс-шараға ведомство сайтында көрсетілген локациялар бойынша қосыла алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама