ТМД басшылары Путинді құттықтауға бара жатыр
Бүгін Ресей президенті 70 жасқа толды
Бүгін – Ресей президенті Владимир Путиннің туған күні. Ол 70 жасқа толды. Осыған байланысты ТМД елдерінің басшылары Санкт-Петербургке Путинді мерейтойымен құттықтауға барады делінуде.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.
Ол Санкт-Петербургтің маңындағы Стрельна кентіндегі Константин сарайында ТМД елдерінің бейресми кездесу болатынын хабарлады.
Бұл кент федералды маңызы бар қаланың Петродворцовский ауданында орналасқан.
Осы жерде мемлекет басшылары 13-14 қазан күндері Астанада Қазақстанның төрағалығымен өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі мен «Орталық Азия – Ресей» саммитінде қаралатын мәселелерді талқылайды, – деді Песков.
Путин 2002 жылы 50 жылдық мерейтойын Молдованың астанасы Кишинев қаласында өткен ТМД басшыларының саммитінде өткізген болатын.