Ақтауда бір топ адам жас жігітті өлімші етіп тепкілеп тастады (ВИДЕО)

Динара Амантай

Тіпті, біреуі оның басына секіріп жатыр

Фото: видеодан скриншот

Ақтауда бір топ адам жас жігітті тепкінің астына алды. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Казнетте тараған бейнежазбадан жерде жатқан жас жігітті бірнеше ер адамның тепкілеп жатқанын көруге болады. Тіпті, біреуі оның басына секіріп жатыр.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша СДТБТ-де тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысушыларды ұстады. Анықталғандай, жастар арасында ауызша жанжал болып, арты төбелеске ұласқан, – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.