Halyq Uni логотип
×

Төртінші курс студенті айына төрт млн теңге тауып жүр

Әзірше Бексұлтан Әйтеннің дрондары тамақ тасиды

 Дастан Жұмабекұлы 07.10.2022 | 11:07
Төртінші курс студенті айына төрт млн теңге тауып жүр
фото: kursiv.media

Алматыда Suleyman Demirel атындағы университеттің ІV курс студенті Бексұлтан Әйтен бірнеше жыл бұрын курьерлердің қызметін алмастыратын дрон ойлап тапты. Бұл дрондар тапсырыс берушіге бургер, пицца, донер сияқты фаст-фудты тез арада жеткізе алады. Қазір оның дрондарына кәсіпкерлердің қызығушылығын оятып жатыр.

Ол Kursiv-ке берген сұхбатында құрастырып жатқан дрондары туралы былай деді:

«Мен құрастырған тасымалдаушы дрондар тек тамақ қана емес, жүктерді де қажетті жерге жеткізе алады. Бірақ, қазір дронға тамақ, яғни фаст-фуд жеткізетін кәсіпкерлер қызығып жатыр.  Мысалы, тамақ таситын курьер күніне 10-15 тапсырыс орындап, 200 -300 мың теңге айлық алса, дрондар да тура сол тапсырысты орындап, көп қаражатты үнемдей алады. Кәсіпкерлер сол үшін дронға қығызып жатыр», –  деді ол.

Қазір Бексұлтан Әйтенде алты түрлі дронның прототипі бар. Ол осы дрондарды сатумсен де айналысады.

«Егер тапсырыс келсе барлығын ойдағыдай жасап беремін. Менің жобаларыма қатысты робототехника сабағына слайдтардан бастап стартап жобаларына дейін әртүрлі тапсырыстар түседі. Жобаларымды әлеуметтік желіге салып тапсырыс қабылдайын. Дрондарды сатып, айына 1 млн теңгеге жуық ақша табамын. Бір айда 3-4 жобаға тапсырыс қабылдаймын», –  деді әуесқой инженер.

Ол Suleyman Demirel атындағы университетте арнайы роботтарды құрап шығаратын зертханада жұмыс істеп, сол жерде тапсырыс қабалдайды. Енді ол алдағы уақытта әскери мақсатта қолдануға болатын робот дрондарды жасағысы келеді.  

«Менің болашаққа мақсатым бар. Ол –  әскери мақсатта қолдануға болатын робот дрондарды жасау. Дрондардың тек тамақ пен әскери бағытта емес, медицина саласында пайдасы көп боларына сенемін. Содан кейін адам таситын дрон құрап шығарғым келеді. Осы дрондар арқылы әуеде ұшып жүруге болады. Мысалы, Алматы дронмен ұшуға ыңғайлы қала. Ғимараттар өте биік емес, ыңғайлы. Бұның бәрі уақыт пен болашақтың еншісінде», –  деді өнертапқыш студент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама