Олар кәмелетке толмағандардың ұялы телефондары мен ақшасын ашық түрде иемденіп алған
Алматыда үш адам жасөспірімдерді тонап кетті деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бір жарым сағаттың ішінде үш ер адам Алматы қаласы Наурызбай ауданының аумағында екі қылмыс жасаған.
Сағат 15:00 шамасында қаскөйлер мектептен қайтып келе жатқан үш балаға шабуыл жасады. Олар кәмелетке толмағандардың ұялы телефондары мен ақшасын ашық түрде иемденіп алған. Арада бір жарым сағат өткен соң қаскөйлер 41 жастағы ер адамды тонап кетті. Бұл жолы олар жәбірленушінің ұялы телефоны мен құжаттарын алып қойған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер сол күні ұсталды. Олардың жасы – 24 -34 аралығында, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес тіркелді. Ұялы телефон, құжаттар айғақты зат ретінде тәркіленді және іс материалдарына тіркелді.