Адам саудасына қатысы бар күдікті шетелден экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 1989 жылы туған Қазақстан азаматшасын Бахрейн Корольдігінен экстрадициялады.
Ол Бахрейнде жыныстық қанау мақсатында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматшасын сатты деген күдікке ілінді, – дейді Бас прокуратура.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.
«Қазір күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды», – дейді ведомство.
Бұған дейін аталған қылмысқа қатысы бар бірқатар адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.