Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтар ісі: Бахрейнде жас қызды сатып жіберген әйел ұсталды

Адам саудасына қатысы бар күдікті шетелден экстрадицияланды

 Халық үні 19.02.2022 | 19:05
Қазақстандықтар ісі: Бахрейнде жас қызды сатып жіберген әйел ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 1989 жылы туған Қазақстан азаматшасын Бахрейн Корольдігінен экстрадициялады.

Ол Бахрейнде жыныстық қанау мақсатында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматшасын сатты деген күдікке ілінді, – дейді Бас прокуратура.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

«Қазір күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды», – дейді ведомство.

Бұған дейін аталған қылмысқа қатысы бар бірқатар адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама