Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары болды
Полицияның генерал-майоры мемлекеттік тілді біледі
Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Игорь Владимирович Лепеха 1962 жылы Қарағанды облысы Оскаровка кентінде туған.
Ол 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер мамандығы бойынша бітірген. Содан кейін 1990 – 1993 жылдары Ресей Федерациясы Ішкі істер академиясында заңгер мамандығы бойынша оқыған. Осы оқуды бітірген соң 1986 – 2009 жылдары Қарағанды облысындағы құқық қорғау органдарында қызмет етті.
2009 жылы Ішкі істер министрлігіне қызметке ауысып, ведомствоның әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары болған. Одан кейін осы комитеттің төрағасы қызметін атқарды.
2019 – 2020 жылдары министрліктің штаб-департаментінің бастығы болды. Жаңа қызметке тағайындалар алдында Ішкі істер министрлігі аппаратының жетекшісі болып қызмет етті. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
Игорь Лепеха – полицияның генерал-майоры.