Halyq Uni логотип
×

Сәлафиттік ағымның атын жамылған топ Ақтау тұрғынынан 8 млн теңге бопсалаған

Таңға дейін ұрып-соғып, қорқыту үшін тапанша мен пышақ қолданған

 Еркеғали Болатұлы 06.10.2022 | 15:46
Сәлафиттік ағымның атын жамылған топ Ақтау тұрғынынан 8 млн теңге бопсалаған
фото: ашық дереккөз

Ақтауда сәлафиттік ағымның атын жамылған 4 ер адам жергілікті тұрғынды азаптап, 8 миллион теңге бопсалаған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды.

Тінту барысында қылмыскерлерден қару-жарақ пен азаптау сәтінің видеолары табылды. Олар Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде пәтер жалдап тұрған көрінеді. Өзара «рөлдерді» бөлісіп алған топ жергілікті тұрғынды сол жалдамалы пәтерге алдап шақырып алып, таңға дейін ұрып-соғып, азаптаған. Әрі қорқыту үшін тапанша мен пышақ қолданған. Ал болған жағдайдың барлығын өздері ұялы телефонға түсіріп отырған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің барлығы анықталды. Қазір түгел қамаудам отыр. Оларға қатысты «Бопсалау» және «Заңсыз бас бостандығынан айыру» баптары бойынша іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама