Мен елден кетсем, барған жерімде өмірге жаңа көзқараспен қарап өмір сүремін, – деді ол
Спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының төрт дүркін жүлдегері Мария Пасека Ресейден кететінін мәлімдеді.
Бұл туралы «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады.
Бұған дейін Пасека Парижде өтетін Олимпиадаға қатысатынын айтқан болатын. Алайда спортшы 2020 жылдан бастап ешқандай жарысқа қатысқан жоқ. 2019 жылы ол Еуропа чемпионы атанған. Содан кейін спортпен қойш айтысатынын мәлімдеген еді.
Мені үлкен өзгерістер күтіп тұр. Мен елден кетсем, барған жерімде өмірге жаңа көзқараспен қарап өмір сүремін, – деді спортшы Ресейде экстремистік ұйым болып саналатын Instagram мен Meta әлеуметтік желісінде.
Пасека 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының төрт дүркін жүлдегері. Ол жекелей және командалық сында үш күміс пен бір қола медаль жеңіп алған. Сонымен бірге ол екі дүркін әлем чемпионы.