Halyq Uni логотип
×

Ауылды таза сумен қамтамасыз ету: Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

Суармалы алқаптарға бөлінетін қаржы көбейеді

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 18:11
Ауылды таза сумен қамтамасыз ету: Тоқаев Үкіметке тапсырма берді
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының халқымен кездесуде Үкіметке cуармалы алқаптарға бөлінетін қаржыны көбейтуді, ауылдық жерлерді таза сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Кездесуде ол Павлодар өңірі үшін Ертіс өзенінің маңызы орасан зор екенін атап өтті.

«Бұл өзен – осы өлкенің тұрғындары, кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы үшін негізгі тіршілік көзі. Соңғы үш жылда облыста суармалы жердің көлемі 1,5 есе артты. Алдағы уақытта оны тағы 2 есеге, яғни, 300 мың гектарға дейін ұлғайту қажет. Облыс әкімдігі осы мәселеге баса назар аударуға тиіс.

Үкіметке өңірдің суармалы алқаптарына бөлінетін қаржыны көбейтуді тапсырамын. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан ғана емес, халықты жұмыспен қамту үшін де өте маңызды. Судың тапшылығы экономиканы дамытуға кедергі келтіреді. Сондықтан, Ертістің суын тиімді, үнемді пайдалануға айрықша мән берілуі керек», –  деді ол.

Сондай-ақ, президент ауылдық жерлерді таза сумен қамтамасыз ету керкетігін ескертті.

«Үш жылда ауылдағы ағайынды таза сумен қамту көрсеткіші 55-тен 94 пайызға дейін өсті. Биыл аймақта осындай 19 жоба жүзеге асырылып жатыр. Әкімдік келесі жылы құны 14 миллиард теңге болатын тағы 39 жобаны қолға алуды ұсынып отыр. Осыған орай, Үкіметке қаржы бөлуді тапсырамын.

Жалпы, еліміздің барлық елді мекенінде таза су қолжетімді болуға тиіс. Мен былтырғы Жолдауымда 5 жылдың ішінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сумен қамтамасыз етуді тапсырдым. Үкімет осы міндеттің орындалуын ерекше бақылауға алуы керек.

Үкіметке өңірдің суармалы алқаптарына бөлінетін қаржыны көбейтуді тапсырамын. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан ғана емес, халықты жұмыспен қамту үшін де өте маңызды. Судың тапшылығы экономиканы дамытуға кедергі келтіреді. Сондықтан, Ертістің суын тиімді, үнемді пайдалануға айрықша мән берілуі керек», –  деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама