«UMAI» ұлттық сыйлығының жүлде қоры – 54 млн теңге

Дастан Жұмабекұлы

Өтінімдер 9 желтоқсанға дейін қабылданады

фото: ашық дереккөз

«UMAI» Ұлттық сыйлығының лауреаттары 23 желтоқсанда белгілі болады. Қазір конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр.

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрлігі хабарлады.

Бүгін Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов пен мәдениет және өнер саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлері жобаға қатысу шарттары мен жүлде қоры туралы айтып берді.

Жоба «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» сияқты 4 номинация бойынша 19 сыйлықты қамтиды. Сонымен қатар, балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы жүлде жарияланды.

Вице-министр «UMAI» ұлттық сыйлығы Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен жекелеген өнер қайраткерлерін елеулі кәсіби жетістіктері үшін қолдауға арналғанын атап өтті.

Қатысушылардың өтінімдері 9 желтоқсанына дейін қабылданады. Номинанттардың жұмысын құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері кіретін сараптама комиссиясының мүшелері бағалайды. «UMAI» ұлттық сыйлығының жалпы жүлде қоры 54 млн теңге.

Сыйлық шығармашылық ұжымдарға және жекелеген өнер қайраткерлеріне 2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың шілдесіне дейін екі театр/концерт өнер маусымында жасалған спектакльдер, концерттер, шығармашылық жобалар мен өнер туындылары үшін беріледі, – деді Нұрғиса Дәуешов.

Министрліктің хабарлауынша, номинанттардың өтінімдері UmaiAstanaOpera@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. Толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша оқи аласыздар: https://astanaopera.kz/dynamic-page/19