×

«SCAT» компаниясы бес ұшақ сатып алды

Жыл соңына дейін елімізге тағы төрт әуе көлігі келеді

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 16:10
фото: aeronautica.online

Биыл «SCAT» әуекомпаниясы бес «Боинг-737» ұшағын сатып алды. Олар 189 орынға арналған. Жыл соңына дейін тағы осындай төрт ұшақ сатып алынады.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Компания тамыз айында төрт «Боинг-737» ұшағын сатып алған болатын. Жыл соңына дейін отандық әуекомпаниялар сегіз үшақпен парктерін толықтырады. Қазір «SCAT» әуекомпаниясында 31 ұшақ бар. Оның ішінде24 «Боинг» жолаушыларға қызмет етіп келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама