×

Ирандағы наразылық шерулеріне оқушылар да қосыла бастады

Хиджабтарын желбіретіп, «Диктаторға өлім!» деп ұрандатқан

 Еркеғали Болатұлы 05.10.2022 | 15:38
фото: ашық дереккөз

Иранда өтіп жатқан шеруге мектеп оқушылары да қосылып, Тегеранға жақын Кередж қаласындағы жасөспірім қыздар хиджабтарын лақтырып жатыр деп хабарлады BBC.

Хиджабсыз оқушылар пластикалық бөтелкелерді лақтырып, мектеп басшысын кабинетінен қуып шыққан.

Егер бірікпесек, бізді бір-бірлеп өлтіреді! - дейді бейнежазбалардың бірінде олар.

Елдің оңтүстігіндегі Шираз қаласында да мектеп оқушылары басты көшелердің бірін жауып, хиджабтарын желбіретіп, «Диктаторға өлім!» деп ұрандатқан. Бұл – Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейге қатысты айтылған сөз.

Сондай-ақ кеше Тегеранда және күрдтердің Секкезе және Сенендедж қалаларында мектеп оқушыларының наразылық шеруі өтті. Тіпті, олар екі ирандық аятолла – Әли Хаменей мен Рухолла Хомейнидің портреттеріне ортаңғы саусағын көрсетіп суретке түскен.

Оқушылардың да жаппай көшеге шығуына Хаменейдің наразылықтарды «есерсоқтық» деп атап, оны «Израиль мен АҚШ ұйымдастырып отыр» деген мәлімдемесі түрткі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама