×

Жапония Арал теңізін құтқаруды қолға алады

Өзбекстан Күн шығыс елімен бірігіп зерттеу ғылыми станциясын құрады

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 14:29
фото: ашық дереккөз

Токио қаласында Өзбекстанның Инновациялық даму министрі Ибрагим Абдурахманов бастаған делегация Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің аға вице-президенті Кейчиро Наказавамен кездесті.

«Dunyo» агенттігінің хабарлауынша, Ибрагим Абдурахманов Жапониямен ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Кездесуде Өзбекстан-Жапония жастар инновациялық орталығының қызметін жақсарту мақсатында ынтымақтастықта іске асырылып жатқан қаржылық және инфрақұрылымдық өзгерістер, өзбек және жапон ғалымдарының ауыл шаруашылығын дамыту және Арал теңізі маңындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша бірлескен зерттеулері атап өтілді.

Тараптар Арал теңізінің құрғап қалған жерінде зерттеулер жүргізетін ғылыми станция құру, Арал өңірінің экономикалық дамуы, жастарды жұмыспен қамту мақсатында жапондық шағын инновациялық технологияларды тарту бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Стартаптарды қолдау және жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту үшін бірлескен акселератор бағдарламасын құру туралы пікір алмасылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама