12 қазаннан бастап шет ел азаматы РФ-да қалуды немесе отанына кетуді ойластыру керек
Ресейдің ішкі істер органдары көші-қон мерзімін ұзартпаған шетел азаматтарының уақытылы елден кетуін бақылауға алды.
«Sputnik» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 12 қазаннан бастап шет елдердің азаматтары Ресейден кетуге немесе өздерінің құқықтық жағдайын реттеуге тиіс.
Бұл туралы тиісті жарлыққа Ресей президенті Владимир Путин қол қойды, - делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігінің Калуга облысы бойынша департаменті БАҚ өкілдеріне полиция қызметкерлері тәртіп бұзғандарды ұстаған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайтынын айтты.