×

Ресей азаматтары шекарада көліктерін 150 мың теңгеге сатып жатыр

Машиналар жүруге жарамды. Ауыл ішінде қара жұмысқа пайдалануға болады, - дейді таксистер

 Дастан Жұмабекұлы 04.10.2022 | 17:57
фото: ашық дереккөз

Атырау-Астрахан шекарасында Ресей азаматтары автокөліктерін арзан бағамен Бөкейхан (Котяев) тұрғындарына сатып жатыр.

Бұл туралы AtyrauPress хабарлады.

Мұны агенттіктің тілшілеріне Атырау мен Астрахан қалаларының арасында жолаушы тасымалдап жүрген такси жүргізушілері айтқан. Олар шекараға дейін келген ресейліктердің кейбірі машиналарын 150-200 мың теңгеге сатқанын көрген.

Көліктер жүруге жарамды. Әсіресе, ауыл ішінде қара жұмысқа пайдалануға өте ыңғайлы. Әйтпесе, жағдайы жақсы көліктердің бғасы қазір аспандап кетті. Қайта, халыққа осындай көліктерді алу тиімді, –  деді таксистердің бірі агенттіктің тілшісіне.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама