Қызметіне 60-100 мың теңге аралығында сыйақы белгілеп отырған
Павлодарда ұстаздардың орнына емтихан тапсырумен айналысқан азамат ұсталды. 28 жастағы күдікті бұған дейін өзі де мұғалім болған.
Ол бұрынғы әріпстестеріне Ұлттық біліктілік тестілеу сынағынан сүрінбей өткіземін деп жарнама берген. Осы қызметіне 60-100 мың теңге аралығында сыйақы белгілеп, ақшаны алған соң уәдесін орындамаған.
Қазір оның үстінен полицияға 108 арыз келіп түскен. Ал алаяққа барлығы қанша адам алданғаны әзірге белгісіз. Сотқа дейінгі тергеу басталды.