Ресейдегі қандастарға есігіміз әрқашан ашық – СІМ
Шетелден көшіп келгісі келетін қазақтарға барлық жағдай жасалады
Сыртқы істер министрлігі тарихи отанына келгісі келетін қандастар үшін еліміздің шекарасы мен есігі әрқашан ашық екенін мәлімдеді.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте тарихи отанына оралғысы келетін Ресей қазақтарына ведомство тарапынан көмек көрсетіле ме деген сұраққа жауап берді.
Ол еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бері шетелде тұратын барлық қандастарды Қазақстанға көшуге шақырғанын, этникалық қазақтарға барлық жағдай жасалғанын айтты.
Қандастар үшін Қазақстан Республикасының шекарасы мен есігі әрқашан ашық, – деді ол.