Halyq Uni логотип
×

Утилизациялық алым мөлшері ақпан айында бекітіледі

Оған дейін кәдеге жарату алымы «Жасыл Даму» АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленеді

 Ербол Тұрымбет 20.01.2022 | 09:45
Утилизациялық алым мөлшері ақпан айында бекітіледі
көрнекі фото: kolesa.kz

Қаңтардың 18-інде Үкімет утилизациялық алым бойынша қаулы қабылдап, «ӨКМ Операторының» утилизациялық алымды басқару қызметі тоқтатылды. Құжатқа сәйкес «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды.

«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражаттарға билік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды.

Енді тиісті уәкілетті органдар активтерді мемлекеттік меншікке беру, уәкілетті органдардың қорытындыларын ұсыну, «Жасыл даму» АҚ балансына беру, акционерлік қоғамды әділет органдарында қайта тіркеу және т.б. бойынша шаралар қабылдауда.

Акционерлік қоғам - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бағынысты ұйым.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәдеге жарату алымының коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл мөлшерлемелер 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі.

Ақпан айының соңына дейін кәдеге жарату алымы «Жасыл Даму» АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама