Halyq Uni логотип
×

Кәрім Мәсімов ұсталды: Президент ҰҚК-да жаппай ауыс-түйіс жасады

Бұған дейін ҰҚК баспасөз қызметі Самат Әбіштің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

 Халық үні 09.01.2022 | 14:43
Кәрім Мәсімов ұсталды: Президент ҰҚК-да жаппай ауыс-түйіс жасады
фото: К.Мәсімов, М.Өсіпов және Д.Ерғожин

Марат Өсіпов пен Дәулет Ерғожин ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Олардың орнына ҰҚК төрағасының орынбасары болып Бақытбек Қосжанов пен Асқар Әмірханов тағайындалды.

Еске салайық, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Сол күні осы қылмысты жасау күдігімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Қ.Мәсімов және басқа тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы лауазымына Ермек Сағымбаев тағайындалды. Ол Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мұрат Нұртілеу тағайындалған.

7 қаңтарда ҰҚК баспасөз қызметі ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің Алматы қаласында ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама