×

Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

 Халық үні 06.01.2022 | 01:30
фото: ашық дереккөзден

Оның орнына Ермек Сағымбаев келді.

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалсын, ол Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылсын, - делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.

Мәсімов ҰҚК басшылығына 2016 жылы келген болатын.

ЕРМЕК САҒЫМБАЕВ

Туған күні: 11.10.1967 жыл

Туған жері: Қазақ КСР, Алматы облысы

Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары: үйленген, үш баласы бар

Тіл білімі: қазақ, орыс, ағылшын

Білімі:

  •  Қазақ политехникалық институты «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы (1989 жыл);
  •  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін«Заңтану» мамандығы (2007 жыл).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • ІІІ, ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»;
  • ІІІ, II дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін»;
  • 8 мерейтойлық медальдары;
  • Қазақстан Президентінің Алғысы және оған «Алтын барыс» төсбелгісі;
  • Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері және «Елбасы қорғаны» төсбелгісінің иегері.

Әскери қызметі, әскери және арнайы атақтары, сыныптық шендері: генерал-майор (2020 жыл)

Мансабы:

1985-1987 жж. – КСРО Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызмет;

1994-2006 жж. – ұлттық қауіпсіздік органдарындағы офицерлік лауазымдардағы қызмет;

2006-2019 жж. – Президенттің Күзет қызметінде офицерлік және басшылық лауазымдардағы қызмет;

2019-2021 жж. – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент Күзет қызметінің бастығы;

2021 жылғы шілдеден бастап – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы;

2021 жылғы тамыздан 2022 жылғы қаңтарға дейін – Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;

2022 жылғы 6 қаңтардан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама