×

Мемлекетке 1 млрд теңгеден астам залал келтірген Шымкент тұрғыны сотталды

Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды

 Халық үні 30.12.2021 | 09:50
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері Шымкентте салық төлеуден жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына 14 кәсіпорын тіркеген («Мейір құрылыс», «Тыныштық 2018», «Элит Капитель», «МАГМА-2018», «Ашимов и Ко», «A L A T A U K», «S-Industry», «БЕС ҚАСҚА», «ЖОРҒА 2019», «ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020», «Eхcellent», «УГАМ 2018», «005», «Эверест К» ЖШС).

Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатынсыз құрылған.

Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді.

А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама