×

EURO-2025: Қазақстан құрамаларының қарсыластары анықталды

Әр топтан үздік шыққан команда ғана Еуропа чемпионатына жолдама алады

 Дастан Жұмабекұлы 06.05.2024 | 14:58
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрама командалары арасындағы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрама командаларының 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды.

U-17 құрамасы төртінші топта Бельгия, Украина, Косовомен ойнайды. Бұл команданы Бауыржан Сағындық жаттықтырады.

Ал U-17 командасы бірінші топта жаттықтырушы Александр Кузнецовтің жетекшілігімен Украина, Нидерланд және Словения құрамаларымен күш сынасады.

Іріктеу ойындары шағын турнир пішінінде бір мемлекетте болады. Бүгін қай құраманың шағын турнирдің иесі болатыны анықталады.

Турнир ережесі бойынша іріктеу кезеңі 1 және 2 раундтан тұрады. Алғашқы кезеңде 14 топта үздік болған 28 команда А лигасына жолдама алса, қалған ұжымдар В лигасында ойнайды. Екінші раундта 28 команда төрт-төрттен 7 топқа бөлінеді. Әр топтан үздік шыққан командалар мен жарысты қабылдайтын құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама