×

«Астана-Теміртау» жолындағы жылдамдық режимі өзгерді

Әкімшілік полиция комитеті тиісті ұйғарым шығарды

 Динара Амантай 03.05.2024 | 15:57
Фото: Reuters/ PAVEL MIKHEYEV

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі ұйғарымына сәйкес, «Астана-Теміртау» автомобиль жолының 1 305-1 327 шақырымы аралығындағы учаскеде (Бабатай кентінен Аршалы кентіне дейінгі учаске) жылдамдық режимі сағатына 120-дан 140 шақырымға дейін ұлғайтылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Астана-Теміртау» ақылы жолының Аршалы кенті учаскесі жанындағы ұзындығы 4 шақырым болатын («Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар автожолының 1 327 шақырымынан +350 метр 1 331 шақырымына +450 метрге дейінгі аралық) көлік айрығында 120 шақырым/сағатқа дейін жылдамдыққа шектеу қойылғанын хабарлаймыз, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.

2023 жылдың мамырында Ақмола облыстық полиция департаментінің «Аршалы аудандық полиция бөлімшесі» сол жол учаскесінің 1 305-1 327 шақырымы аралығында жылдамдық режимін 140 шақырым/сағаттан 120 шақырым/сағатқа дейін азайтқан болатын.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы аталмыш жол учаскесі 1-А «Автомагистраль» санатына жататынын және ережеге сәйкес автомагистральдарда қозғалыс жылдамдығы 140 шақырым/сағат екенін хабарлайды.

Сонымен қатар, келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында мынадай қозғалыс жылдамдығы бекітілген:

  1. І-а санаты – 140 шақырым/сағат (Астана-Павлодар, Астана-Щучинск, Астана-Теміртау, Алматы-Қонаев);
  2. І-б санаты – 110 шақырым/сағат (Алматы-Қорғас, Шымкент-Өзбекстан шекарасы, Қонаев-Талдықорған, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Щучинск-Көкшетау);
  3. ІІ санат – 100 шақырым/сағат (Павлодар-Семей-Қалбатау, Көкшетау-Петропавл, Павлодар-РФ шекарасы (Омбы бағыты), Орал-РФ шекарасы (Самара бағыты), Орал-РФ шекарасы (Саратов бағыты), Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама