×

Діни-экстремистік ұйымның басшылары сотталды

ҰҚК 7 қазақстандық пен 1 шетелдікке қатысты тергеуді аяқтады

 Динара Амантай 30.04.2024 | 10:25
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның 7 азаматы мен 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдастыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотталушылар жанындағыларға теріс идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жеккөрініш сезімін тудырған. Тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында бірқатар діни-экстремистік әдебиет пен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Ұсталғандардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама