×

Алматыда Әзербайжан мен Армения келіссөзі өтеді – СІМ

Іс-шараны өткізуге көп қаржы жұмсалмайды

 Дәурен Ерболат 29.04.2024 | 17:26
Фото: Скріншот

Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуға да, Ереванға да жасаған сапарларында қос ел арасында берік, ұзақмерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өткен. Осыған байланысты Қазақстанның келіссөз өткізу үшін алаң ұсынуы екі мемлекетке көмектескісі келетінін көрсетеді.

Шынында да осындай келіссөзді Алматыда өткізу жоспарланып отыр. Біз Әзербайжан мен Армениядағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Алдағы келіссөздер тек екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек Good office деп аталатын ізгі ниет қызметін көрсетеміз. Көліссөздің өтетін күні немесе басқа ақпарат қосымша хабарланады, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкіл келіссөзді өткізуге бюджет қаржысы көп жұмсалмайтынын да атап өтті.

Бұл ауқымды шара емес. Қазақстан қандай да бір шығынды өтеуі мүмкін. Алайда қос тарап мәмілеге келіп жатса, оның пайдасы тұтас аймаққа тиеді, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама