×

1 мамырда Қазақстанда атшабыс маусымы басталады

Ат шабыстан түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі

 Динара Амантай 29.04.2024 | 13:58
Фото: Бәйге федерациясы

Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Қазақ жокей клубы 2024 жылғы 1 мамырда Алматы қаласындағы ипподромда биыл жылдың алғашқы ат шабысын өткізеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын биылғы көктемнің басты оқиғаларының бірі болатын осынау ат шабысқа шақырамыз. Билеттерден түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі, - деді Qazaq Jockey Club төрағасы Мақсат Ахаев.

Сайыс әртүрлі қашықтықта 9 түрлі атшабыс бойынша өтеді. Атап айтқанда, олар: «Көктем» жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), «Көктем» жүлдесі (ашық), «Ашық» жүлдесі (ашық), Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «1 мамыр» жүлдесі, Гандикап жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), Жасөспірімдерге арналған жүлде (ҚР туған жылқылармен), Гандикап жүлдесі (ашық), Талғат Бигелдинов атындағы жүлде (ҚР туған жылқылар үшін), «Кіріс» жүлдесі.

Аталған 9 түрлі атшабыс 1000, 1200, 1600, 1800, 2000 метр қашықтықта өтеді. Оған 2-4 жас аралығындағы Қазақстанның ең үздік 70 сәйгүлігі қатысады. Көрермендердің назарына «Қыз қуу» және т.б. байқаулар ұсынылады.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн алуға болады. Бағасы – 2000 теңге.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, ипподром «Құлагер» шағын ауданы, Омаров көшесі, 10 «а».

Басталуы: 1 мамыр, 2024 жыл, сағат: 15:00-де.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама