×

Биыл 186 мың оқушы мектеп бітіреді

Оқу жылының ұзақтығы – 34 апта, оқу 25 мамырда аяқталады

 Динара Амантай 25.04.2024 | 18:00
Фото: Halyq Uni

Барлық қазақстандық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы – мектеп түлектері.

Биылғы оқу жылының ұзақтығы – 34 апта, оқу 25 мамырда аяқталады.

Су тасқыны жағдайына және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты, 24 мамырда барлық мектептегі сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтан ұйымдастырылған, балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта өтеді, – деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.

11 (12)-сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 19-22 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін өтеді.

Айта кетсек, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автокөлікпен шығуға тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама