×

Қазақстан Кинологтар одағы мен жем өндірушілер ит-мысыққа азық жеткізді

Қостанай мен Петропавлға 2 тонна құрғақ жем жөнелтілді

 Динара Амантай 24.04.2024 | 18:04
Фото: Қазақстан Кинологтар одағының баспасөз қызметі

Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан әлі де күрделі жағдай қалыптасып отыр. ТЖ режимінде эвакуациялау кезінде үйлер мен тұрғындарды ғана емес, үй жануарларын да құтқаруға тура келді.

Қазақстан Кинологтар одағының бастамасымен су тасқынынан көп зардап шеккен өңірлерде үй жануарларына гуманитарлық көмек ұйымдастырылды.

Қазақстан Кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқалидың айтуынша, олар үй жануарларына арналған азық-түлік өндірушілерінің өкілдеріне апат аймағындағы мысықтар мен иттерге азық-түлік беру арқылы қолдау көрсету туралы өтініш айтқан.

Біз үй жануарларына қатысты проблемаларға бейжай қарай алмаймыз. Болған оқиғаларға байланысты иттер мен мысықтар да азықсыз қалып, қатты зардап шегіп жатыр. Әсіресе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жануарлар аса ауыр жағдайда қалып отыр, оларға көмек қажет, – деп атап өтті Бауыржан Серікқали.

Қазір жемнің негізгі бөлігі өңірлерге жеткізілді. Атап айтқанда, Қостанай мен Петропавлға 2 тонна құрғақ жем жөнелтілді («GRANDEZZA» ЖШС-нан (Monge), Атыраудағы «Доброе сердце» ҚҚ-ның иттерге арналған панажайына 240 келі жем мен басқа да тамақтар (Sirius, Ajo, «Наш рацион» брендтерімен жануарларға арналған жем ұсынатын Eximdis компаниясынан) жеткізілді. Сондай-ақ 200 келі жем (Перфект Компанион Қазақстан компаниясынан) Оралға жөнелтілді. Астанада Sherry's Boutique үй жануарлары дүкені мұқтаж өңірлерге одан әрі бөлу үшін «Астана жастары» КММ жанындағы қалалық волонтерлар штабына 30 келі азық пен тәттілерді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама