×

Еліміздегі ірі су қоймалары лық толы

Астана және Сілеті су қоймалары 100% толған

 Еркеғали Болатұлы 21.04.2024 | 16:48
фото: stranabolgariya.ru

Республика бойынша су қоймаларындағы жағдай жарияланды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша,

  • Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100% толған. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да ернеуіне дейін толды. Өңірде тасқынмен күрес тоқтаған жоқ. Петропавлда Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 28 см төмендеді.
  • Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасындағы судың деңгейі 97% толған. Өңірде жағдай тұрақты.
  • Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
  • Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы бар. Олар шамамен 85% толы.
  • Қарағанды облысындағы үш ірі су қоймасындағы су 98% толып тұр. Жағдай тұрақты.
  • Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 81% толған.
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасының 67% толғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама