×

Қостанайда иесіз иттерге арналған питомникте орын жетіспей қалған

Ондағы 150-ден астам иттің жартысынан көбі су тасқыны кезінде жеткізілген

 Еркеғали Болатұлы 21.04.2024 | 16:06
фото: imghub.ru

Қостанайда иесіз иттерді уақытша ұстайтын орын лық толы. Су тасқыны кезінде эвакуцияланған хайуандар түгел сонда әкелінген. Қазір панажайда 150-ден астамы күтімге алынған, деп хабарлады 24.kz.

Онда қазір 150-ден астам ит бар. Жартысынан көбі су тасқыны кезінде әкелінген. Оларды еріктілер мен тұрғындар саяжай, жеке үйлер аумағынан тауып алған.

Бізге келген қайырымды жандар өте көп болды. Кейбірі суда қалған иттерді жалға қайық алып құтқарды. Бізге әкелді. Қолдан келгенше орын тауып, иттерді уақытша қамқорлыққа алдық, - дейді қараусыз жануарларды уақытша ұстау пункті төрағасының орынбасары Ольга Соловьёва.

Қазір тасқын қаупі сейілді. Бірақ эвакуацияланған иттердің көбі әлі осында. Тек үштен бір бөлігін ғана иелері алып кеткен.

Итті ерекше жақсы көретін адамдар бар. Олар өзінің итімен бірге, тағы бірін ала кетеді. Ал аяғы сынған, көзі көрмейтін, дене мүшесінде ақауы бар иттерді ешкім алмайды. Олар осында күтімде бола береді, - дейді Ольга Соловьёва.

Ал қараусыз жануарларды уақытша ұстау пунктінің төрағасы Александра Лебединскаяның айтуынша, қазір онда бос орын жоқ. Иттерді олар өз күштерімен ұстап отыр.

Кейбір жанашыр азаматтар демеушілік көрсетіп тұрады. Соның арқасында жоқ-жітігімізді түгендеп аламыз, - дейді ол.

Айтуынша, қазір жануарларды уақытша ұстайтын орынның шығынын 5 адам көтеріп отыр. Аумағын кеңейтіп, жаңа қоршаулар мен торларды салуға да қаражат жетпейді. Бұл мәселе жергілікті билікке бірнеше рет айтылған. Бірақ әлі бір нәтиже жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама