×

Бишімбаев ісі: судьяға белгісіз біреулер қоқан-лоққы жасаған

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 19.04.2024 | 13:55
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотын жүргізетін судьяға белгісіз біреулер телефон арқылы қоқан-лоққы жасаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласының полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

Қылмыстық кодекстің 407-бабы 1-бөлігі («Сот төрелiгiн іске асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, – делінген сот хабарламасында.

Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама