×

«Жалған, құшағыңды маған жая тұр»: Мөлдір Әуелбекова Салтанат Нүкеноваға ән арнады

Өнер иесі Қайрат Нұртастың «Арман» әнін жаңаша нұсқада орындаған.

 Халық үні 19.04.2024 | 07:28
Фото: видеодан алынды

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады. Эстрада жұлдызы өз туындысын TikTok парақшасына жүктеді.

Өнер иесі Қайрат Нұртастың «Арман» әнін жаңаша нұсқада орындаған.

«Мен емес, видео сөйлесін. Арман, адастырмай мені қоя тұр. Жалған, құшағыңды маған жая тұр» ,- деп жазған әнші.

Желі қолданушылары видео астына түрлі пікірлер жазып қалдырды.

«Жылап отырмын, жай тыңдай алмаймын. Осындай періштенің өміріне балта шапты», «Қаншама қыз тағдыры осылай кетіп жатыр. Өкінішті», «Жүрегім сыздап кетті» , «Мына әннің мағынасын енді түсіндім» деді көпшілік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама