×

Ақмола облысында 15 көлік соқтығысты

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бір мезгілде 15 шақты көліктің апатқа ұшырағанын анықтады

 Халық үні 04.01.2024 | 07:27
Фото: darakchi.uz

Ақмола облысында 15 автокөлік соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

2 қаңтарда сағат 15.53 шамасында Бурабай аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне «Астана-Петропавл» тасжолында Астана қаласы бағытындағы 216 км-де жол апаты болғандығы туралы хабарлама түскен.

Қаза тапқандар жоқ. 37 жастағы ер адам, 33 жастағы әйел және 9 жасар бала әртүрлі жарақаттармен Макинск қаласының қабылдау бөліміне жеткізілді. Зардап шеккендердің шағымдары жоқ, - делінген хабарламада.

Mitsubishi маркалы автокөлікті басқарған Астана қаласының 69 жастағы тұрғыны мен Suzuki Vitara маркалы автокөліктің 34 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы («Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылығы») бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама