×

Шымкенттік оқушылар мектепте тегін тамақтанады

Мегаполистегі бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету шешімі былтыр қабылданды

 Айнұр Шошаева 27.01.2022 | 13:30
фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі бастауыш сыныптың барлық оқушысына биылдан бастап тегін ыстық тамақ беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді. 

Бұған дейін мектепте тегін тамақ тек әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың балаларына беріліп келді. 

Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап мегаполис мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріле бастайды. Осыған дейін тегін бір мезгіл ыстық тамақ тек әлеуметтік жағдайына қарай берілсе, енді мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларының жүз пайыз ыстық тамақ ішуге мүмкіндігі бар, - деп жазды ол. 

Қазір Шымкентте мемлекеттік мектептерде - 88 657, жекеменшік мектептерде 12 500 бастауыш сынып оқушысына тегін тамақ беріледі. Оған қоса 28 367 аз қамтылған оқушылар да тегін тамақтанып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама