×

Табиғи апат: малынан айырылғандарға 1,1 млрд теңге өтемақы төленген

Тасқыннан 9,7 мың бас мал қырылған

 Дәурен Ерболат 10.05.2024 | 12:31
фото: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров су тасқыны салдарынан малынан айырылған қазақстандықтарға 1 млрд 198 млн теңге өтемақы төленгенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол халық арасында тасқынға қатысты әртүрлі әңгіме барын ашық айтты.

Адамдар (тасқыннан) бәлен мың бас мал өлді» деп әртүрлі әңгіме айтып жатыр. Шындығын айтсақ, штаб құрылған. Онда бүкіл жұмыс жүргізіліп жатыр... Бүгінде 138 мың 800 бас малды тасқыннан аман алып шықтық. Бұл – үлкен жұмыс. Өлген малдың саны – 9 761. Оның 98 пайызы залалсыздандырылды, - деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ ведомство басшысы малынан айырылған қазақстандықтарға өтемақы төленетінін атап өтті.

«Мал шығынын өтеуге тоқталайын. Штабта алгоритм бекітілген. Малына құжаты болса, (шығын) бюджеттен төленеді. Ал малға құжат болмаса, тіркелмесе, (шығын) қор немесе демеушілер есебінен өтеледі. Бұл жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде (тасқын кезінде өлген) 4 801 бас малдың шығыны өтелді. Осылайша, 1 млрд 198 млн теңге төленді. Бұл жұмыс жалғасады», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама