Halyq Uni логотип
×

Министр утилизациялық алым не үшін керек екенін түсіндірді

Ескі автокөліктер үшін неге көп мөлшерде алым алынады?

Министр утилизациялық алым не үшін керек екенін түсіндірді
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы ескі көліктердің утилизация нормаларына қатысты түсініктеме берді.

2015 жылы утилизациялық алымның нормалары қабылданған еді. Ол күні бүгінге дейін қайта қаралған жоқ. Бүгінде бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Өздеріңізге белгілі, экологиялық алым басқа министрлікке қарайды. Бұл мәселе белсенді көтеріліп келе жатыр. Бірақ қайта өңдеу параметрлерін талқылағым келмейді, ол үшін 2015 жылы болған есептеу әдісін көтеріп, қарау керек. Осы уақытқа дейін қандай бағамдық және девальвациялық өзгерістер болды? Дегенмен, бүгінде утилизациялық алым параметрлері өзгере қоймады, – деді Бейбіт Атамқұлов Мәжілісте.

Министр ескі көліктерді утильдеуге қатысты өз пікірін білдірді.

1992 жылғы автомобиль үшін неге көп мөлшерде алым алынатыны жайлы сұрақ қойылды. Өйткені, шыққан жылдары бойынша жіктеу бар. Бұл - утилизациялық алым емес, бастапқы алым. Ол үшін бастапқы алым және утилизациялық алым кестесін зерттеу керек. Утилизациялық алым автомобиль типі мен қозғалтқыштар бойынша анықталады. Айырмашылық бастапқы алымда, техрегламент бойынша, экологиялық жағынан сәйкес келмейтін ескі машиналар әкелінбеуі үшін жасалды, – деп түсіндірді министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда утилизациялық алым жергілікті нарықты қорғау және машина жасау өндірісін дамыту үшін қажет.

Бүгінде пессимистер көбейді. Әртүрлі пікір айтылуда. Мұнай да күндердің күнінде таусылатынын айта кетейін. Шикізат сатып, импортқа қарап отыра берсек, біз жаңа жұмыс орындарын, жоғары технологиялық орындарды аша алмаймыз. Біз импорттың орнына өңдеу мен қайта өңдеуді үйренуіміз керек. Оны да алғашқы бір қадамнан бастау керек. Мәселен, басқа елдердің тәжірибесін қараңыз. Малайзияға автомобиль өнеркәсібін құру үшін 30 жыл уақыт қажет болды. Сондықтан бағдарлама жаңа өндіріс құруға арналған және ресурстар таусылған кезде біз мықты, өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет болуымыз керек, – деп түйіндеді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама