×

Өнеркәсіп министрі Бақытжан Базарбектің сынына жауап берді

Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбенов ведомство жұмысын сынға алған еді

 Дәурен Ерболат 29.04.2024 | 14:12
Қанат Шарлапаев, фото: Halyq Uni

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілістегі Үкімет сағатында өзіне қаратып сын айтқан депутаттарға Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбеновке жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Кез келген мемлекеттік органға айтылған сын дұрыс қабылдануы керек. Өкінішке қарай адами капиталды дамыту туралы айтқан депутаттың аты-жөні есімде жоқ. Бұл мәселе баяндамамда болмады. Оны 100% мойындауым керек. Әділетті пікір болды. Мұнда қарсы сұрақ та жоқ.

Енді депутат Бақытжан Базарбекке тоқталайын. Мысалы, ол инвесторлармен қандай да бір жұмыс істеп көрді ме? Оның осы салада тәжірибесі бар ма? Қазір аты аталған компаниялармен көп жұмыс атқарылды. Бұл – тікелей тартылған инвестиция. Тек шетелдік инвесторларға емес, ішкі инвесторларға да жағдай жасау керек.... Сондықтан сын орынды және конструктивті болса, онымен жұмыс істеу қажет, - деді министр.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Өнеркәсіп және құрылыс министрінің жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты. Депутат Мұрат Әбенов те әріптесінің сөзін қолдап, егер министр қызметін лайықты дәрежеде атқара алмаса, отставкаға кетуі керек екенін алға тартты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама