×

«Ат төбеліндей лоббистер бар». Вейпке тыйым салуға қай депутаттар қарсы болды?

Сондай-ақ, темекі компанияларының мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйымдар көп
 

 Ербол Тұрымбет 15.02.2024 | 12:03
Фото: Halyq Uni

ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ақатай Halyq Uni ютуб-арнасына берген сұхбатында елімізде вейп нарығын мүлде тыйып тастауға қарсылық білдіріп отырған ат төбеліндей, бірақ тегеурінді мүдделі топ бар екенін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Қазақстанда темекі компаниялары қаржыландырып және солардың мүддесін қорғап отырған 11 ҮЕҰ бар. 

«Денсаулық» деп аталатын ұйымды басқаратын Бақыт Түменова қара нарық барынша көбейеді дегенді көп айтады. Егер қара нарық көбейеді дейтін болсақ, онда есірткіні заңдастырайық, салық алайық. Ақшаның көкесі сонда жатыр, синтетикада, мефедронда жатыр. «Ересек адамдарға таңдау беріңіздер, құқын шектемеңіздер» деген уәж айтады. Онда біз балалар денсаулығын, балалар құқығын қайда қоямыз?! – дейді Баян Ақатай. 

Сонымен қатар, Мәжіліс комитетінде талқыға түскенде вейп нарығын тыюға қарсы шыққан депутаттарды да атап берді. 

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ашық қарсы шықты. Оның арғы жағында тағы бір топ депутат (Ерболат Саурықов, Мұқаш Ескендіров пен Ерлан Стамбеков – ред.) бар. Осы вейп мәселесіне келген кезде бізге осындай аяқтан шалу болды. Бірақ ол ешқандай кедергі болған жоқ. Сол комитетте көпшілік дауыспен бірауыздан қабылданды, – деді ол. 

Одан бөлек, Баян Ақатайдың сөзінше, бір депутатқа вейп-индустрияны қолдау үшін 60 мың долларға дейін ұсынылғанын да жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама