×

«Самұрық-Қазына» басшысына соңғы мүмкіндік берілді

Президент Ұлттық қорға түбегейлі реформа жасау міндетін жүктеді

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде «Самұрық-Қазына» қорының басшысына қатаң талап қойылғанын айтты.

Президент қорды түбегейлі реформалау туралы міндет жүктейтінін айтып, көрші Өзбекстанның әрекетін мысал ретінде келтірді.

Қазір қор жұмысы жабық, былайша айтқанда саяси маңызы бар адамдар тағайындалатын алып құрылым болып алды. Сатып алудың тиімсіз жүйесі, еңбек жанжалдары, қыруар шығын, аяқсыз қалатын ауқымды жобалар, күтіп-ұстауға деп шамадан тыс шығын жұмсау. Осынша мәселенің бәрі қоғамның наразылығын туғызады. Өйткені біз осы уақытқа дейін нақты мұнай химиясын құра алмадық. Кеңес заманында салынған зауыттарды жөндеп әлекпіз. Ал іргеміздегі Өзбекстан 2-3 зауыт салып үлгерген. Директорлар кеңесінің және тәуелсіз директорлардың рөлі көп жағдайда формалды сипатқа ие. Қорды түбегейлі реформалау туралы міндет жүктеймін, - деді Президент.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» басшысы Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлесіп, реформалау міндетін еңсере алмаса, жұмыстан кететінін ескерткен. Тіпті, мұндай жағдайда басшымен бірге қордың өзі де нарықтан кетуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама