×

80 мың киікті ату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ – министр

Президент сынынан кейін министр пікірін өзгертті

 Дәурен Ерболат 19.07.2022 | 14:06
Фото: moya-planeta.ru

Бүгінде 80 мың киікті ату мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде 80 мың киікті ату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл атылмайды деген сөз. Ертең ғылыми зерттеу жұмысы аяқталғасын, оның нәтижесіне қарап шешімді қабылдаймыз. Қазір 80 мың бас киікті атамыз деген мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ, - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін министрлік елімізде 80 мың киікті ату жоспарланып отырғанын айтып, елді бір дүрліктіріп алған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама